Жүгіру жолы • Астана қаласы әкімдігінің №82 "Айару" балабақшасы МКҚК
Астана қаласы әкімдігінің №82 "Айару" балабақшасы
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Жүгіру жолы • Астана қаласы әкімдігінің №82 "Айару" балабақшасы МКҚК
AA+
Астана қаласы әкімдігінің №82 "Айару" балабақшасы

Отбасы – адам өміріндегі ең қымбат құндылық.

    Әр бала үшін отбасы – мейірім мен махабаттың, жылулық пен қамқорлықтың мекені. Баланың

бойындағы адамгершілік қасиеттер, қарым-қатынас мәдениеті, жауапкершілік, өзіне деген сенім ең

алдымен отбасынана қалыптасады.Ал ата-анамен бірге өткізілген әрбір сәт баланың жүрегінде өшпес із қалдырады. Сол сәтке орай, 10 қырқүйек 2026 жылы №82 «Айару» балабақшамызда отбасы мүшелерінің бірлігін, белсенділігін және ұйымшылдығын арттыру мақсатында «Супер отбасы» эстафеталық сайысы ұйымдастырылды.

     Сайыстың негізгі мақсаты: отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы жылы қарым-қатынасты нығайту, бірлескен әрекет арқылы балалардың белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және отбасылық ұйымшылдықты қалыптастыру.

     Эстафета барысында ата-аналар мен балалар бірнеше қызықты әрі көңілді эстафеталық түрлі тапсырмаларды орындап, өздерінің шапшандығын,   ептілігін, тапқырлығын, төзімділігін, жылдамдығын және ұйымшылдығын көрсете білді.  Ата- аналар сайыста бір-біріне қолдау көрсетуді, жеңіске бірге ұмтылуды және командалық рухты сезінді. Әрбір кезең қатысушыларға ерекше өтті деп ойлаймыз.

        Балабақша мен отбасының өзара тығыз байланысы баланың жан-жақты дамуына үлкен мүмкіндік береді.

    Бірлік бар жерде – жеңіс бар! Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен жарқын көңіл-күйлері үшін алғысымызды білдіреміз!



Грамота табыстау сәттер. Жеңістеріңіз құтты болсын!!!