Балабақша 2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап өз жұмысын атқарып келеді. Барлық топтарда оқу-тәрбие жұмыстары мемлекеттік тілде жүргізіліп, бүлдіршіндерге сапалы білім мен тәрбие берілуде. Балабақшада тәрбиелеу мен оқыту жұмыстары мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі бес білім беру дағдысы бойынша жүзеге асырылады. 2024-2025 оқу жылынан бастап үш жылға «Қаржылық сауаттылық» эксперименттік алаң және 2025-2026 оқу жылынан « SMART ҰРПАҚ» инновациялық жоба өз жұмыстарын жүзеге асыруда.

