Жүгіру жолы • Астана қаласы әкімдігінің №82 "Айару" балабақшасы МКҚК
Астана қаласы әкімдігінің №82 "Айару" балабақшасы
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Жүгіру жолы • Астана қаласы әкімдігінің №82 "Айару" балабақшасы МКҚК
AA+
Астана қаласы әкімдігінің №82 "Айару" балабақшасы

    «Отан - отбасынан басталады» деген дана сөз бекер айтылмаған. Отбасы – баланың өзің қауіпсіз сезінетін, қуанышын бөлісетін, қиын сәтінде сүйеніш болатын ортасы. Бала үшін ата-ананың әрбір сөзі  мен әрекеті – үлгі. Сондықтан, балаға жақсы тәрбие берудің ең тиімді жолдарының бірі – оған ақыл айту ғана емес, жақсы үлгі көрсету.

     Кәзіргі таңда балабақша мен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту – маңызды міндеттердің бірі. Өйткені бала тәрбиесінде ата-ана мен педагогтің бірлескен әрекеті баланың дамуына оң ықпал етеді. Осы мақсатта Астана қаласында орналасқан №82 «Айару» балабақшасында отбасы мерекесіне арнайы ата-аналар мен балалар өз отбасында челлендж көрсетті. Челиндждің негізгі мақсаты – отбасының құндылықтарын дәріптеу, салт-дәстүрді сақтану, қарым-қатынасты нығайту, отбасылық дәстүрлерді насихаттау және балалардың отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру.

   Отбасының бала тәрбиесіндегі маңызды рөлін түсіндіру, отбасылық құндылықтарды насихаттау, ата-ана мен бала арасындағы сүйіспеншілік, сыйластық және өзара түсінікті нығайту, балабақша мен отбасы арасындағы ынтымақтастықты арттыру.

   Балаға тәрбие беру барысында тек талап қою жеткіліксіз. Оған жылы сөз, қолдау, назар және ата-анасының сенімі қажет. Егер үйде үлкендер бір-бірін құрметтесе, ұлттық салт-дәстүрлерді ұстанса, отбасыңда жылы сөздер көп айтылса, отанға сүйіспеншілік таңытса баланың бойына жақсы қаситтер  қалыптасады, жүрегінде үлкен із қалдырады.



Тату үйдің тамағы тәтті!     Мейірімділік – жүректен, тәрбие – отбасынан!