Жүгіру жолы • Астана қаласы әкімдігінің №82 "Айару" балабақшасы МКҚК
Астана қаласы әкімдігінің №82 "Айару" балабақшасы
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Жүгіру жолы • Астана қаласы әкімдігінің №82 "Айару" балабақшасы МКҚК
AA+
Астана қаласы әкімдігінің №82 "Айару" балабақшасы

«Әке + бала - инженерлік отбасы» робототехника сайысы

2026 жылдың 18 сәуірінде Астана қаласы әкімдігінің № 82 «Айару» балабақшасында отбасы құндылықтарын дәріптеу, балалардың техникалық шығармашылығын дамыту және робототехникаға деген қызығушылығын арттыру мақсатында балабақшаның меңгерушісі Райхан Алынхановна Аугалиеваның ұйымдастыруымен «Әке + бала - инженерлік отбасы» атты робототехника сайысы өткізілді.

Сайысқа 4 команда қатысты. Әр команданың құрамында 2 әке мен 2 бала болып, қатысушылар өзара ұйымшылдықтарын, шығармашылық қабілеттерін және инженерлік ойлау дағдыларын көрсетті.

Іс-шараның ашылу салтанатында қатысушылар мен қонақтарға сайыстың мақсаты таныстырылып, әділқазылар алқасы ұсынылды. Алғашқы «Таныстыру» кезеңінде командалар өз атауларын, ұрандарын, эмблемаларын және біркелкі киім үлгілерін таныстырып, өздерінің дайындығы мен ерекше стильдерін көрсетті.

 

«Үй тапсырмасы» кезеңінде командалар «Робот-көмекші» жобаларын қорғады. Қатысушылар жүк және жолаушылар көлігіне арналған робот-көмекшілерді құрастырып, олардың қызметтері мен артықшылықтарын жан-жақты таныстырды. Сонымен қатар, үй жағдайында дайындаған роботтарының жұмысын бейнеролик арқылы көрсетіп, өз жобаларын жоғары деңгейде қорғады. Балалар мен әкелердің бірлескен еңбегі мен шығармашылық идеялары көрермендер мен әділқазылар тарапынан жоғары бағаланды.

Үшінші кезеңде командалар Pobot Coding UARO конструкторының элементтерін пайдалана отырып, берілген схема бойынша робот құрастырды. Қатысушылар қысқа уақыт ішінде ұйымшылдықпен жұмыс жасап, құрастырған роботтарына атау беріп, олардың қызметін түсіндіріп, әділқазыларға таныстырды.

 

Төртінші кезеңде құрастырылған роботтарға батарея мен мотор элементтері қосылып, роботтардың қозғалысы көрсетілді. Қатысушылар роботтардың болашақта қандай көмекші ретінде қолданылуы мүмкін екендігі жөнінде өз ұсыныстарын айтып, инженерлік ойлау қабілеттерін дәлелдеді.

Бесінші кезеңде әкелер арасында Botley Coding Robot көмегімен жарыс ұйымдастырылды. Қатысушылар белгіленген маршрут бойынша роботты бағдарламалап, тапсырманы жылдам әрі дәл орындауға тырысты. Бұл кезең әкелердің белсенділігі мен техникалық сауаттылығын көрсетті.

Алтыншы кезеңде балалар Robot Mouse роботымен арнайы алаңда жарысқа түсті. Балалар роботты дұрыс бағыттап, ірімшікке дейінгі жолды табу тапсырмасын орындады. Бұл кезеңде балалардың логикалық ойлауы, зейіні және бағдарламалау негіздерін меңгеруі байқалды.

Сайыс барысында барлық командалар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, ұйымшылдықпен жұмыс атқарды. Қатысушылар тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, робототехника саласындағы білімдері мен тәжірибелерін ортаға салды. Іс-шара балалар мен ата-аналардың бірлескен шығармашылық әрекетін нығайтып, инженерлік-техникалық бағыттағы қабілеттерін дамытуға үлкен мүмкіндік берді.

Сайыс қорытындысы бойынша әділқазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып, түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Бас жүлдені иеленген командаға қалалық «РОБОБАЛАПАН» робототехника сайысына қатысуға жолдама берілді.

Өткізілген іс-шара өз мақсатына толық жетіп, ата-аналар мен балалар арасында ынтымақтастықты нығайтып, мектепке дейінгі жастағы балалардың техникалық шығармашылығын дамытуға зор үлес қосты.