2026 жылғы 31 шілде күні №82 «айару» балабақшасының «еркетай» кіші тобы, «қызғалдақ» және «бәйтерек» ортаңғы топтарының ата-аналарына жиналыс өткізілді. жиналыс барысынды 2026-2027 оқу жылының ұйымдастыру мәселелері талқыланып, ата-аналарға қажетті ақпараттар берілді. бүгінгі кездесудің басты мақсаты – тек ақпарат алмасу ғана емес, ата-ана мен педагогтардың арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту, бала тәрбиесіне қатысты ортақ ой қалыптастыру және бір-бірімізге қолдау көрсету. бала – әр отбасының ең қымбат қазынасы. оның жақсы тәрбиеленуі, білім алуы, өзін еркін сезінуі – ата-ана мен балабақша мамандарының ортақ еңбегіне байланысты. бүгін біз бала тәрбиесіне қатысты маңызды мәселелерді талқылаймыз. жиналыста ата-аналарға балабақша туралы мәлімет беріліп, негізгі ережелермен, күнделікті күн тәртібімен толық таныстырылды. баланың дамуы, өсуі, денсаулығы дұрыс ұйымдастыруына байланысты, осы мәселе бойынша тамақтану процесін ұйымдастыру туралы сөз қозғалды. мемлекеттік балабақшадағы ақылы қызметтер жайлы да айтылды. ақылы қызметтер көрсетуден түскен қаражат мамандарға еңбек төлеуге, құралдар сатып алуға, тиісті дамытушы орта құруға бағытталады. балабақшадағы ішкі тәптіп ережелері жайлы айтылды, ол ережелердің негізгі мақсаты – баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, денсаулығын сақтау, жайлы орта қалыптастыру, және де тәрбиелік жұмыстың жүйелі жүргізілуіне жағдай жасау. ереже – шектеу қою емес, баланың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін қажет. жиналыс соңында ата-аналар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берілді. балаға айтылған әрбір сөз оның көңіл-күйіне және өзіне деген сеніміне әсер етеді. сондықтан, сезімізді мүмкіндігінше қолдау мен түсінікке негізделгеніміз дұрыс. ата-аналар жиналысының суреттері.
Кездесуге белсене қатысқан барлық ата-аналарға алғыс білдіреміз!
