Жүгіру жолы • Астана қаласы әкімдігінің №82 "Айару" балабақшасы МКҚК
Астана қаласы әкімдігінің №82 "Айару" балабақшасы
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Жүгіру жолы • Астана қаласы әкімдігінің №82 "Айару" балабақшасы МКҚК
AA+
Астана қаласы әкімдігінің №82 "Айару" балабақшасы

Астана қаласы әкімдігінің №82 «Айару» балабақшасы МКҚК. Заңды мекен-жайы: Сауран 20/1, анықтама үшін телефон: 8(7172)298774 , 8(7172)298772. E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.  педагогтердің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:

  1. Тәрбиеші (оқыту тілі – қазақ тілі) – 7,875 ставка (7 адам)
  2. Әдіскер (оқыту тілі – қазақ тілі) – 1 ставка

 

  1. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының әдіскері

Лауазымдық міндеттері:

    Білім беру ұйымының  қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

   Оқу, оқу-тақырыпқ жоспарлар мен бағдарламалар жасайды;

   Балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға (әзірлеуге) қатысады;

   Жас топтары бойынша сабақ кестесін жасайды;

   Оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, нысандарын, әдістері мен құралдарын анықтауға көмек көрсетеді;

   Оқу-әдістемелік құжаттамаларды, құралдарды әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады;

   Инновациялық педагогикалық тәжірибені анықтауды, зерттеуді, таратуды және енгізуді қамтамасыз етеді;

   Топтарды оқу құралдарымен, ойындармен, ойыншықтармен жинақтауды ұйымдастырады;

   Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының жағдайын талдайды;

   Тәрбиешілер үшін сабақтар, мастер-кластар, семинарлар, жеке және топтық кеңестер, көрмелер, конкурстар өткізеді, шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастырады;

   Оқу-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің деректер банкін қалыптастырады, есепке алу және есеп беру құжаттамасын уақытылы рәсімдейді;

   Тәрбиешілердің, психологтың, логопедтің, музыкалық жетекшінің, ұйымның басқа мамандарының өзара іс-қимылын үйлестіреді;

   Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын үйлестіреді;

   Тәрбиешілер, олардың көмекшілері лауазымдарына кадрларды іріктеу және оларды көтермелеу жөнінде ұсынымдар енгізеді;

   Педагогтердің біліктілігін арттыру және біліктілік санаттарын беру (растау), аттестаттау жөніндегі жұмысты үйлестіреді.

Білуге тиіс:

   Қазақстан республикасының конституциясы, қазақстан республикасының "білім туралы", "педагог мәртебесі туралы", "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерін;

   Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын;

   Дидактика принциптері, педагогика, психология негіздері, тәрбие мен оқытудың жалпы және жеке әдістемелерін;

   Педагогикалық этиканың нормаларын;

   Еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормаларын;

Әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін.

 

Біліктілікке қойылатын талаптар:

   Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлау курстарынан өткенін растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе техникалық және кәсіптік білімін растайтын құжат, мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде - кемінде 3 жыл, ауылдық жерде - кемінде 1 жыл;

   Және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі болған педагог – шебер үшін мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде - кемінде 5 жыл, ауылдық жерде-кемінде 3 жыл;

   Педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог - зерттеуші үшін тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі болған жағдайда мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде - кемінде 5 жыл, ауылдық жерде-кемінде 3 жыл.

 

с өтілі педагог-шебер үшін – 5 жыл.